×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Семейде жоғалған 9 жасар бала әлі табылмады

20.07.2024, 14:57
Абай облыстық ПД

Кеше Семейде жоғалған 9 жасар баланы полицияның іздестіріп жатқанына бір тәуліктен асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы мәлім еткен Абай облыстық полиция басқармасы өзге де азаматтарды іздестіру жұмыстарына жұмылып, көмек көрсетуге шақырды.

Бұған дейін Семей қаласында тоғыз жасар Мәненов Әлинаур Ерланұлының жоғалып кеткені туралы хабар тараған болатын.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, жоғалған бала 19 шілде күні түстен кейін Театр көшесіндегі №11-үйден белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен.

«Ерекше белгілері: шашы қара, көзі қоңыр, бойы 135-140 см, киімдері: қара кепка, қызыл жейде, қоюқызыл түсті шорты, қара және жасыл түсті кроссовка», делінген хабарламада.

Полиция департаменті баланың қайда екенін білетіндерден 102 телефон номері арқылы хабар беруді сұрап отыр.

Серіктес жаңалықтары