Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім қыз өзіне қол жұмсап, аталған оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім қыз асылап қалған қайғылы жағдай 19 шілде күні Ақкөл ауданында болған.
«Қазіргі кезде 2009 жылғы жасөспірім қыздың өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтайды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», деді ведомство өкілі.
Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Ақмола облысында суицидке барған студенттің өліміне қатысты тергеу шаралары басталған болатын.