×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Түркияға $5000: Ауғанстанда қара нарықта виза сату қызып тұр

16.09.2021, 21:52
Түркияға $5000: Ауғанстанда қара нарықта виза сату қызып тұр
Фото: Ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта Ауғанстанда визаны заңды түрде тек Пәкістанға ғана алуға болады.

Ауғанстандағы шетелдік елшіліктердің көпшілігі Ауғанстанды Талибан (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) басып алғаннан кейін жұмысын тоқтатты, ал шетелге шығу үшін визаны заңсыз сату бұл елде өркендеуде, деп хабарлайды ulysmedia.kz Tolo News-ке сілтеме жасап.

Кабулдағы туристік фирманың директоры Шафи Самимнің айтуынша, адамдар Пәкістанға 350 доллар, Тәжікстанға - 400 доллар, Өзбекстанға - 1350 долларға виза сатып алуда. Ал Түркияға виза алу құны 5 мың долларға дейін өсіп кеткен. Ауғанстан үкіметі құлағанға дейін Пәкістан визасын 15 долларға, Тәжікстанға немесе Өзбекстанға - 60 долларға, Түркияға - 120 долларға алуға болатын еді.

Сонымен қатар, телеарнаның хабарлауынша, аталған елдерге қатысты, қазіргі уақытта визаны заңды түрде тек Пәкістанға ғана алуға болады. Алайда соңғы кездері тіпті егер ауғандықтың Пәкістанға визасы болса да, бақылау бекетінде оған «рұқсат ету» үшін тағы қосымша 350-400 доллар төлеу қажет болады.

Телеарнаның дереккөздері ауғандықтарға заңсыз визаны кім және қалай жасайтынын білмейді. Сондай-ақ адамдардың шынымен де осы құжаттармен шетелге шығуға мүмкіндігі бар -жоғы белгісіз.