×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Соңғы он жылда қай елде миллионерлер саны 92%-ға өсті?

22.07.2024, 11:00
Соңғы он жылда қай елде миллионерлер саны 92%-ға өсті?
Фото: ашық дереккөзден

Henley компаниясы 2024 жылғы жеке капиталдың көші-қоны туралы есебін жариялады. Оған сәйкес, миллионерлердің, яғни өтімді инвестициялық капиталы 1 млн АҚШ долларынан асатын адамдардың ең көбі, шамамен 5,5 млн адам АҚШ-та тұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ сондай-ақ 100 млн АҚШ долларынан асатын капиталы бар мультимиллионерлер (9,9 мың адам) және 1 млрд АҚШ долларынан асатын капиталы бар миллиардерлер (788 адам) саны бойынша да көш бастап тұр.

Екінші орынға Қытай жайғасқан. Онда 862,4 мың миллионер, 2,4 мың мультимиллионер және 305 миллиардер тұрады.

Миллионерлер мен мультимиллионерлер саны бойынша үшінші орында Германия тұр: сәйкесінше 806,1 мың және 1,1 мың адам. Ал миллиардерлер саны бойынша үшінші орынға Үндістан жайғасқан: 120 адам. 

2013 жылдан 2023 жылға дейінгі он жылдық кезеңде миллионерлер саны ең көп 15 ел арасында көрсеткіштің ең айтарлықтай өсуі Қытайда болды: 92%. Одан кейін Үндістан мен БАӘ: сәйкесінше 85% және 77%. Атап өтерлігі, ТОП-15-ке кірген 3 елде - Ұлыбритания, Жапония және Гонконгта (ҚХР) - миллионерлер саны тиісінше 8%, 6% және 4% азайды.

Есепте барлығы 26 ел талданды. Олардың ішінде миллионерлердің ең аз саны Мавританияда байқалды: 5,1 мың адам. Көрсеткіштің ең үлкен өсімі Вьетнамда тіркелді: 19,4 мың адамға дейін 2 есеге жуық. Одан кейін Қытай, ал көшбасшылар үштігін Мавритания (87%-ға өсу) түйіндейді.

26 елдің тек 4-еуінде соңғы он жылда миллионерлер саны азайған. Жоғарыда аталған үштіктен басқа, төртіншісі - Оңтүстік Африка. Онда көрсеткіш бірден 20%-ға, 37,4 мың адамға дейін төмендеген.