×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Атырау облысында балық қырылып жатыр

22.07.2024, 23:39
ашық дереккөз

Атырау облысы Махамбет ауданының балық қорғау инспекциясының қызметкерлері балықты құтқару бойынша іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдіктің хабарлауынша, 21 шілдеде Бейбарыс ауылдық округі Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының каналында балық шабақтарының жаппай қырылуы орын алған. Алдын ала ақпарат бойынша, су тасқынынан кейін каналдың таяз болуына байланысты оттегінің жетіспеушілігінен болуы мүмкін.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта Талдыкөл ауылының әкімі, аудандық балық қорғау инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен жергілікті тұрғындар мен жастарды тарта отырып, балықты құтқару бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде. Барлығы 30-ға жуық адам жұмыс істеуде. Канал арнасына су жіберу бойынша шаралар қабылданады, – деді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Арман Әділғалиев.

Серіктес жаңалықтары