×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Маусым айында зейнетақы қаражаты қандай бағалы қағаздарға салынды?

23.07.2024, 09:58
Маусым айында зейнетақы қаражаты қандай бағалы қағаздарға салынды?
Коллаж: Ulysmedia

БЖЗҚ мәліметтері бойынша, Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына 282 млрд теңгеден астам қаражат салынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2024 жылдың маусым айында БЖЗҚ қаражаты қайда салынғаны белгілі болды. 78,5 млрд теңгеден астам қаражат шетелдік банктерге доллармен орналастырылған: Dbs Bank LTD (46,5 млрд), Bank of Nova Scotia, London Branch (32,12 млрд).

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР

Қазақстан Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына 282,7 млрд теңге, сондай-ақ, АҚШ-тың бағалы қағаздарына 90 млрд теңгеден астам қаражат салынды.

Бұдан басқа, Қазақстанның Даму банкінің облигациялары 14,85 млрд теңгеге, ал Еуразиялық банктің облигациялары 11 млрд теңгеге өтелді.

Бұған дейін Қазақстандағы зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляциядан айтарлықтай асып түскені белгілі болған еді.

ТАБЫС НЕДЕН ТҰРАДЫ?

Жыл басынан бергі инвестициялық табыс негізінен бағалы қағаздар бойынша сыйақыдан құралды – 775,8 млрд теңге (63%).

Сондай-ақ, сыртқы басқару 357 млрд теңге, ал шетел валютасын қайта бағалау тағы 150 млрд теңгеге жуық табыс әкелді.

"Соңғы компонент маусым айының қорытындысы бойынша теңгенің әлсіреуіне байланысты айтарлықтай оң нәтиже көрсетті. Алайда шығынсыз да болмады. Оны бағалы қағаздарды қайта бағалау қамтамасыз етті – минус 49,8 млрд теңге", - делінген хабарламада.