×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтау әкімдігі дрон алуға миллион теңге жұмсамақ

Ақтау әкімдігі дрон алуға миллион теңге жұмсамақ
Фото: ашық дереккөзден

Ақтау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі ұшқышсыз төрт роторлы квадрокоптер сатып алуға тендер жариялады. Бұл мақсатқа билік органдары 900 949.10 теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Тиісті хабарландыру мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымының хабарлауынша, дрон сатып алуға арналған конкурс 18 шілдеде мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды. Әкімдік дрон сатып алу үшін бюджеттен 900 949.10 теңге бөлуге дайын екенін көрсеткен. 

Конкурстың ұйымдастырушысы - "Ақтау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі. Конкурс 25 шілдеде аяқталады.

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде дрон оларға құрылыс нысандарын бақылау үшін қажет екенін айтты.

“Дрон нысанды барлық жағынан зерттеу кезінде қолданылады, атап айтқанда жоғарғы локациядан қолдану ыңғайлы, сондай-ақ құрылыс нысандарындағы жұмыстардың ағымдағы жағдайын бейне және фотоға түсіру үшін қолданылады. Қолданыстағы және салынып жатқан ғимараттардың ірі жоспарлы суреттерін жасау, қашықтан бақылау үшін қажет. Нысандардағы жұмыстардың барысын бақылау тиімділігін арттыру, уақытты үнемдеу, жұмысшылардың қауіпсіздігіне қатысты тәуекелдерді азайту, шығындарды қысқарту, құрылыс процесін нақты уақыт режимінде бақылау және жұмыстардың барысы динамикасын бақылау үшін қолданылады. Суреттерді координаттарға байланыстыруға болады. Сонымен қатар, дронның арқасында нысандардың орналасуын және қорғаныс аймақтарының бұзылуын анықтау үшін электр желілерін тексеруге болады”, - дейді әкімдік өкілдері.