×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Журналист Данияр Әділбеков ісі: сот күні белгілі болды

Журналист Данияр Әділбеков ісі: сот күні белгілі болды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Журналист Данияр Әділбековтің ісі бойынша негізгі сот талқылауы 5 тамызға тағайындалды. Онымен бірге айыпталушылар орындығында мұнай саудагері Ерлан Саудагеров те болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Press.kz хабарлауынша, процесс Астананың қылмыстық істер жөніндегі аудан аралық сотында өтеді.

“Журналист Гүлжан Ерғалиеваның және астана әуежайының араб өкілі Әлжавдер Юсуф Рашед М.-нің арыздары бойынша іс 274-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша саралануда. Бұл бап бойынша ең ауыр жаза – үш жылға бас бостандығынан айыру”, – деп жазады басылым.

Данияр Әділбековтің адвокаты Әділжан Маутқановтың айтуынша, Саудагеровке журналиске жалған ақпарат берді деген айып тағылуда, ол содан кейін оны жасырын Telegram-арнада орналастырған.

“Іс материалдары бойынша Саудагеров БАҚ-та жариялануы тиіс жалған ақпараттың тапсырыс берушісі болып шығады. Олар жазбадағы барлық ақпаратты бірге ойлап тапқандай. Дегенмен, Саудагеров те, Данияр да бұл жалған ақпарат емес екенін айтуда. Данияр алғашқы жауаптарында Саудагеров оған ақпарат бергенін, ал ол оны жариялағанын көрсетті. Ал Саудагеров бұл ақпарат жалпыға қолжетімді болғанын айтады” – деді адвокат.

Естеріңізге сала кетсек, Данияр Әділбеков 27 наурызда қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жатқызылған. Оған Қылмыстық кодексінің 419-бабы – “Көрінеу жалған ақпарат” бойынша айып тағылған

Одан кейін бапты 419 баптың 3-бөлігіне – “көрінеу жалған ақпарат жеткізу” деген бапқа өзгертілгені сұралды. Қазір оны жалған ақпарат таратты деп айыптап отыр