×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Өгей қызын қорлаған әйелге сот үш жыл жаза кесті

23.07.2024, 12:18
Фото: ашық дереккөзден

Өзбекстанда өгей ана бір жыл бойы кәмелетке толмаған қызын ұрып-соғып, қорлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Uznews хабарлауынша, 13 жастағы қызға өгей анасының тарапынан жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетілген.

Балалар омбудсменінің баспасөз қызметі бұл іс бойынша алдын ала тергеу барысында Ш. С. азаматшаның 2023 жыл ішінде 2010 жылы туған өгей қызына қатысты жүйелі түрде физикалық және моральдық зорлық-зомбылық қолданғаны туралы ақпарат расталғанын хабарлады. Әйел қызға дене жарақатын салып, оны өлтіремін деп қорқытқан.

Аудандық қылмыстық істер жөніндегі сот бұл қылмыстық істі қарап, оны Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша кінәлі деп таныған. Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары