×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Оңтүстікте +45 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

24.07.2024, 13:17
Оңтүстікте +45 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі
Фото: Pixabay

Қазақстанның оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Қазгидромет" мәліметіне сүйеніп.

Синоптиктер алдағы күндері антициклон отрогы циклонды еліміздің солтүстік-батысына біртіндеп жылжытатынын болжады.

"Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай мен желдің күшеюімен жаңбыр жауады, ал қатты жаңбыр солтүстік-батыста, 25 шілдеде - батыста, шығыста, 26-27 шілдеде - елдің солтүстігінде күтіледі", - делінген болжамда.

Күндіз ауа температурасы батыста +23+33°С-қа дейін, солтүстік-батыста +15+28°С-қа дейін, солтүстікте +18+28°С-қа дейін, орталықта +25+35°С-қа дейін болады. Ал елдің шығысында ауа температурасы +25+37℃-қа дейін, оңтүстікте +35+45℃-қа дейін, оңтүстік-шығыста +35+43℃-қа дейін көтеріледі.