×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Зейнетақы жинағы есебінен тіс протездеуге тыйым салынуы мүмкін

24.07.2024, 14:42
Зейнетақы жинағы есебінен тіс протездеуге тыйым салынуы мүмкін
Коллаж: Ulysmedia.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұйрық жобасына сәйкес, 2024 жылдың 10 тамызынан 2025 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан аумағындағы клиникаларда көрсетілетін тіс протездеу және тіс салу сияқты стоматологиялық қызметтерді зейнетақы жинақтары есебінен қаржыландыруды тоқтата тұру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, зейнетақы төлемдерін өз баласын емдеуге пайдалануға рұқсат беру ұсынылады.

Құжат 7 тамызға дейін талқылауда болады.

Айта кету керек, бұған дейін Еңбек министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова сарапшылардан БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу тәжірибесін тоқтату туралы ұсыныстар түсіп жатқаны айтқан еді. Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ актуарлық есептеулер жүргізетіні туралы хабарлаған болатын.