×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Тоқаев сыйлаған тазылар. Елисей сарайынан жағымды жаңалық жетті

25.07.2024, 11:25
Тоқаев сыйлаған тазылар. Елисей сарайынан жағымды жаңалық жетті
Фото: Ақорда

Елисей сарайын мекендейтін қазақ тазысы күшіктегелі жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев асыл тұқымды 2 итті Франция басшысы Эмманюэль Макронға сыйға берген болатын.

“Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында Елисей сарайы шетелдік туристерді қабылдады. Арасында «24KZ» телеарнасының меншікті тілшісі Әлия Сыздықова да бар. Ол бірінші ханым Брижитт Макроннан тазылардың халін сұраған. Жауап ретінде Брижит ханым Жюль мен Жаннаны далаға алып шықты. Жанна алғаш рет күшіктегелі жүр екен”, – деп жазады телеарна өкілдері.

Француз президентінің жұбайы күшіктердің біреуін тілшіге сыйлауға уәде берген.

“Президент Тоқаевтың тартуы Елисей сарайына келуші қонақтардың көзайымына айналған”, – деп жазылған материалда.