Қарағанды облысындағы Алматы-Екатеринбург тас жолында үш машинаның қатысуымен жол апат орын алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Апат Қарағанды мен Балқаш арасында орын алған. Салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 10 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Қорқынышты оқиға орнындағы бейне әлеуметтік желілерде пайда болды. Желі қолданушылары Қарағанды-Балқаш жолын "Өлім жолы" деп атады.
ЖКО сағат 15:00 шамасында Шопа елді мекенінің жанында 928 шақырым жерде орын алды. Toyota Prado, Hyundai Sonata және Toyota Avensis автокөліктері соқтығысқан,-деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырды.