×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда жылына 20 мың бала шала туады

26.07.2024, 06:35
Қазақстанда жылына 20 мың бала шала туады
ашық дереккөз

Шала туған сәбилерге де күтім жасау едәуір жақсарды, деп хабарлайды Ujysmedia.kz.

24.KZ сайтының дерегіне сүйенсек, мәселен әр жылдары салмағы 500 грамм болып дүниеге келген шақалақтар қазір шапқылап жүр. Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлуде. Бүгінде ерте диагностикалау мен скринингті жақсарту мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Ана мен бала орталығындағы шала туған шақалақтарға күтім жасайтын жансақтау бөлімінде қазір 500 граммнан 2 келіге дейін туған нәрестелер ем қабылдап жатыр. Ал жыл басынан бері мұнда шала туған 264 балаға күтім жасалған. Елімізде жыл сайын 20 мың бала шала туады. Оның 5 мыңнан астамының салмағы 900 грамм мен бір келі аралығында болады.

Мұндай жағдай болмас үшін әйелдер жүктілікке арнайы дайындалып жоспарлауы қажет, - дейді мамандар.

Ал Ана мен бала орталығында салмағы жарты келі шала туған сәбилерге күтім жасалады. Жыл сайын мұнда 900-ге жуық бала қабылданады.

Бұл үшін ешкім ақы сұрамайды. Мемлекеттік емханаларда бәрі тегін. Алайда қызмет көрсету мен сапа жоғары деңгейде болуы қажет. Ол үшін салалық министрлік, перзентханаларда босандыру және неонатология саласында қызмет көрсетуге арналған тарифтерді ұлғайтты. Яғни, 1 маусымнан бастап кесарь тілігін қоса алғанда, күрделі босануға арналған тарифтер 60%-ке, ал жаңа туған нәрестелерге күтім жасау 35%-ке ұлғайды.

Биылғы жылы перинаталды орталықтар, балалар ауруханалары арналған тарифтерді көбейту жұмыстарын қолға алып жатырмыз. Бұл дегеніміз, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын, дәрі-дәрмектерді алуға дәрігерлерді ынталандыруға жұмсалатын қаражаттың көлемі ұлғайды. Бұл ана мен бала өлімін азайтуға септігін тигізеді – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ елімізде шала туған нәрестелерде ғана кездесетін ретинопатия ауруы азайған. Мәселен, биылдың өзінде салмағы 2 келі 500 грамм болатын 9 мыңнан астам жаңа туған нәрестенің 95%-і офтальмологиялық скринингтен өтті. Нәтижесінде алғашқы 48 сағаттың ішінде 240 балаға хирургиялық ем жасалды.