×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Инвесторлар рисктен қашты: Қазақстанда долларға сұраныс неге күрт өсті

Инвесторлар рисктен қашты: Қазақстанда долларға сұраныс неге күрт өсті
сурет ашық дереккөзден

Сарапшылар Қазақстанда долларға сұраныс неге артқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Валютамен сауда-саттық қорытындысы бойынша бір күн бұрын USD 474,73 теңге (+0,67 теңге) деңгейінде жабылды. Оған қоса сауда айтарлықтай белсенді болды. $198,1 млн (+43,1 млн) сатылды.

"Шетел валютасына сұраныстың өсуі айдың аяқталуы, қажетті төлемдерді жасау үшін валюта массасын көбірек тұтыну, сондай-ақ инвесторлардың тәуекелден қашуына байланысты болуы мүмкін", – деп атап өтті Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.

Бүгінгі сессияда USD KZT жұбы бір доллар үшін 475,5 теңге деңгейінде саудаланады.