×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"AGROFEST Batys 2024". Аграрлық саланың дамуы талқыланды

26.07.2024, 21:32
"AGROFEST Batys 2024". Аграрлық саланың дамуы талқыланды
Дереккөз

Батыс Қазақстан облысында жыл сайынғы "Agrofest Batys 2024" фестивалі басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауқымды мереке Бәйтерек ауданы Сұлукөл ауылында өтіп жатыр. 

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы ғылымды ауыл шаруашылығы саласына тарту арқылы жаңа технологияларды енгізу қажеттігін атап өтті.

Фестиваль 26-28 шілде аралығында 3 күн өтеді, ұйымдастырушылар іс-шараға қатысушылар мен келушілер үшін ауыл шаруашылығы техникасының, жабдықтардың, ауыл шаруашылығы жануарларының көрмесін, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциялық жетістіктеріне арналған алаңды, ІҚМ, ұсақ мал және жылқы етінен чемпионатты қамтитын ауқымды бағдарлама дайындады.

Сондай-ақ, мұнда ғалымдар, табысты кәсіпкерлер, мемлекеттік сектор өкілдері мастер-класстар мен пікірталастар өткізеді.

Мерекенің ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі қатысып, барлық қатысушыларды фестивальдің басталуымен құттықтап, оның қазірдің өзінде өңірдің айтулы шарасына айналғанын атап өтті.

Аграрлық сала ел экономикасында ерекше орын алады. Сондықтан, осы саладағы жетістіктерімен тәжірибе алмасу-бұл кезекті оқиға ғана емес, ауыл шаруашылығының барлық қызметкерлерін біріктіретін нағыз мереке. Бүгін біздің іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары мен министрліктердің өкілдері қатысуда. Сондай-ақ облыс пен еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға күш-қуаты мен білімін жұмсайтын ғалымдар мен практиктерге, компания басшыларына қош келдіңіздер деймін, - деді Нариман Төреғалиев.

Сондай-ақ облыс әкімі осы маңызды шараны ұйымдастыруға және өткізуге атсалысып, көмектесіп жатқан баршаға алғысын білдірді.

Фестивальдің мақсаты – агротуризмді дамыту, ауылмен және агробизнеспен байланыста болу үшін алаң құру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметкерінің мәртебесін арттыру.