Ресейдің Челябі облысындағы Киалим су қоймасында бөгет бұзылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл ұзаққа созылған жаңбырдан кейін су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты болды, делінген Челябі облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.
Су басу аймағындағы Киолим, Мұхаметово, Қарасаево, Байдашево, Сактаево қатарлы бес кенттің тұрғындары эвакуациялау мүмкін екендігі ескертіліп, қажетті заттар мен құжаттарды жинау сұралады. Төтенше жағдай орнында ТЖМ, коммуналдық қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.
Жақын арада Қарабаш қалалық округінде сумен жабдықтауды тоқтатылуы мүмкін, деп хабарлаған штаб, барлығына ауыз су жинауды тапсырды.
Челябі ауылдарының тұрғындары бөгет бұзылған кезде әлеуметтік желілерде кадрлармен бөліседі. Үйлер су астында қалғаны байқалады.