Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасында көлік өткізу кезінде қиындықтар болатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Сырым" бақылау өткізу бекетінде көлік қозғалысы қиындайды.
ҰҚК Шекара қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды. Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы "Маштаково" бақылау өткізу бекетінің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған, – делінген хабарламада.