Бүгін Париж Олимпиадасында ел намысын қорғауға тиіс тағы бір теннисші ойыннан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ПУТИНЦЕВА КІМ
1995 жылы Мәскеуде дүниеге келген Юлия Путинцева 2012 жылдан бастап Қазақстанның намысын қорғап жүр.
Путинцева Юлияның әкесі - Антон өзі тенниске бағыттап үйреткен, қызының жеке бапкері, анасы – Анна. Юлияның Илья деген ағасы бар. Грунтта өнер керсеткенді ұнатады.
2013 жылы Франциядағы Патрик Муратоглу Теннис Академиясында бас бапкер Муратоглудан дәріс алып шықты және швейцариялық Мартина Хингес бапкері болды.
ЖЕТІСТІКТЕРІ
Ол жеке сында ITF сериясындағы турнирлерде 6 дүркін жеңімпаз. Юниорлар арасында Үлкен шлемның 2 дүркін финалисты (US Open – 2010. Australian Open – 2012). Сонымен қатар, Orange Bowl – 2011 турнирының финалисты. Юниорлар арасында Үлкен шлемның 1 дүркін жартылай финалисты ( Уимблдон – 2010). Жұптық сында юниорлар Олимпиадасының 1 дүркін жартылай финалисты (2010жыл).
Юниорлар рейтингінде әлемнің экс-3-ракеткасы.
Жеке сында Les Petits As – 2009 турнирінің жеңімпазы.
РЕЙТИНГ
Бес жастан теннис ойнауды бастаған. 2010 жылдан бастап кәсіби теннисші. 2014 жылдың 14 сәуірде жеке дәрежедегі турнирлерде өнер көрсетіп, оның ішінде 99 матчта жеңіске жетіп, 64 матчте жеңілген. Сол уақытта жұп сынында турнирлерде өнер көрсетіп, оның ішінде 1 матчте жеңілген.
Жеке дәрежеде өнер көрсететін теннишілердің рейтингінде 2013 жылы 29 сәуір айында ең жоғарғы 88 орынды ұстап тұрды. 2013 жылы 18 жасар Путинцева Юлия алғаш рет бір неше Үлкен Шлем турнирлерінде өнер көрсетті. 2013 жылы қаңтар айында Мельбурнде өтетін Австралия ашық чемпионатының бірінші айналымда Юлия Путинцева америкалық 20 жасар әлемнің 33 ракеткасы Кристина Макхейлмен жолы түйісіп жеңген. Екінші айналымында жеңілді.
Франция Ашық Чемпионатының екінші айналымында жеңіліске ұшырады. Және де келесі Лондонда өтетін Үлкен Шлем Турнирінде, Уимблдон-2013-те бірінші айналымында бельгиялық әлемнің 20-шы ракеткасы Кристен Флипкенстен 5-7, 4-6 есебімен жеңілді.