×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейс: министр Мәдиев не дейді

28.07.2024, 16:56
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейс: министр Мәдиев не дейді
Freepik

Қазақстанда алда америкалық Boeing корпорациясының ұшақтары көбірек қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев компаниямен келіссөздер жүргізілгенін хабарлады. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей авиарейс пайда болатыны аталып өткен. 

– Қазақстандық әуе компаниялар үшін ұшақтарды жеткізу мәселелері талқыланды. Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс үшін алғашқы Dreamliner 2025 жылдың соңына дейін жеткізілетіні расталды. Бұл іс-шара Қазақстанның әуе паркін нығайтуға және елдегі әуе тасымалының деңгейін арттыруға арналған, - делінген хабарламада.

Boeing азаматтық, әскери және ғарыштық ұшуларды шығаратын аэроғарыштық технологиялар саласында жетекші орын алады. Boeing ұшағы әлемнің кез келген жерінде орта есеппен екі минут сайын ұшады.