×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Журналист Думан Мұхаммедкәрім 7 жылға сотталуы мүмкін

29.07.2024, 11:30
Коллаж Ulysmedia.kz

Прокурор журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл жөнінде Ulysmedia.kz тілшісіне оның адвокаты Мұрат Жолшиев хабарлады. Мемлекеттік айыптаушы сонымен қатар журналисті 3 жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұраған.

Қонаев қаласында өтіп жатқан сотта бүгін жарыссөз болып жатыр.

Журналистің жағдайы

Адвокат Ғалым Нұрпейісов бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісіне Думан Мұхаммедкәрімнің жақтастары белсендінің денсаулық жағдайының нашарлауы туралы мәселені бірнеше рет көтергенін айтқан еді.

"Мен сотқа белсендіге медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы өтінішхат бердім, бұл талапты орындаудан бас тарту қатыгез қарым-қатынас ретінде бағаланатынын айттым", - деді адвокат.

Нұрпейісовтың айтуынша, Мұхаммедкәрімде аштық жариялау мен стресс аясында пайда болған "аурулар жиынтығы" анықталған. Белсенді ауруханада 7-10 күн бола алады. Сол тұста журналист ауруханаға жеткізілген.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың басында 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларын белсенді түрде жариялаған Мұхаммедкәрім мәжіліске сайланудан шеттетілді. Кейін полиция оны азаматтарды "заңсыз акцияға" шақырды деп айыптады.