×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Сарыағаш» шипажайы жекешелендіру тізімінен алынуы мүмкін

30.07.2024, 16:24
«Сарыағаш» шипажайы жекешелендіру тізімінен алынуы мүмкін
Фото: Ашық дереккөзден

«Сарыағаш» емдеу-оңалту кешені» шипажайы мемлекеттің жекешелендіретін тізімінен алып тастау мәселесі қаралады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттардың ұсынысы

Сенаторлар мұның алдында «Сарыағаш емдеу-оңалту орталығын жекешелендіру сол жерде жұмыс істейтін және емделуге келетін қазақстандықтарға кері әсерін тигізуі мүмкін деп бастама көтерген еді. Олардың айтуынша, Шипажай жыл сайын демалуға және емделуге келетін 20 мың келушіні қабылдайды, тұру құны тәулігіне 14-25 мың теңге аралығында. Қазіргі уақытта осы аумақта 50-ден астам жеке санаторий бар. Олардың бағасы 40 000-нан 120 000 теңгеге дейін жетеді, яғни қарапайым халық үшін қолжетімділігі төмен. 

Жекешелендіруден кейін жаңа иесі табысты көбейту үшін қызметкерлерді қысқартқысы келсе, осы санаторийде жұмыс істейтін ауыл тұрғындары жұмыссыз қалуы мүмкін.

Бектеновтың жауабы

Олжас Бектеновтың сөзінше, бүгінгі күні осы мақсатта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанынан Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис құрылған. Сондай-ақ жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына қосу және одан алып тастау туралы әдістеме бекітілген. 

– Тиісінше, заңнама талаптарына сәйкес шипажайды кешенді жоспардан алып тастау мәселесі бойынша Әдістемеде көзделген реттілік сақталуға тиіс. Әдістемеге сәйкес бастамашы тиісті саланың уәкілетті органынан және монополияға қарсы органнан қорытынды алуға тиіс. Өз кезегінде, Агенттік шипажайды Жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастау мәселесі  Ұлттық офис жұмысы шеңберінде қарастырылатынын хабарлайды, – делінген жауапта.

Осыған байланысты шипажайға қатысты атқарылған жұмыстар туралы ақпарат алдағы уақытта берілмек.