×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодар әкімінің үйі сусыз қалды

31.07.2024, 07:58
Павлодар әкімінің үйі сусыз қалды
Ашық дереккөз

Қалада жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізілуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар қаласының әкімі өзінің Instagram парақшасында мәлімдегендей, қаланың оңтүстік бөлігінде жылу қызметкерлері жұмысқа кірісті.

Шамамен 5 тамызда Солтүстік желілік ауданда да осындай сынақтар басталады. Оларды 10 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ыстық сусыз қалған қала тұрғындарының наразылығын жақсы түсінемін (өзім тұратын үйде де қазір ыстық су жоқ). Бірақ жылу магистральдарын жазғы уақытта гидравликалық сынақтан өткізу – аса маңызды, қажетті шара. Осы арқылы Павлодарды қысқы мерзімге дайындап, болашақ жылыту маусымы кезінде апаттық тәуекелдерді азайту мүмкіндігіне ие боламыз. Тұрғын үйлер жүйелердің сумен толтырылып, анықталған ақаулардың түзетілуіне орай ыстық сумен қамтылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстарға бір ай уақыт белгіледім, – деп жазды Хасар Хабылбеков.

Яғни, гидравликалық сынақтар барысында пайда болған барлық ақаулар алдағы 3-4 апта ішінде жойылуы тиіс.

Қала әкімінің айтуынша, ол үшін жедел жөндеу бригадаларының саны ұлғайтылды. Қаланың коммуналдық қызметтері қарқынды жұмыс кестесіне ауыстырылды. 

Олардың алдына нақты міндет қойдым – барлық жұмыстар қысқа мерзімде, сапалы жүргізілуі тиіс. Павлодарлықтардың үйлеріне ыстық су кедергісіз берілуі қажет, – деді Хасар Хабылбеков.