×
$
446.56
512.34
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
446.56
512.34
5.3

Трамппен кездесуі мүмкін: Иран президенті Нью-Йоркке барады

Бүгін, 15:03
Трамппен кездесуі мүмкін: Иран президенті Нью-Йоркке барады
IRNA

Иран президенті Масуд Пезешкиан 22 қыркүйек, сейсенбі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке аттанады. Сапар Дональд Трамппен жеке кездесу өтуі мүмкін деген ақпарат тараған тұста жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Иран президентінің сапары туралы оның әкімшілігінің өкілі Хабиболла Аббаси мәлімдеді. Оның айтуынша, Пезешкиан сейсенбі күні АҚШ-қа ұшады, деп жазады Иранның мемлекеттік IRNA ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында Нью-Йоркте Иран президентімен кездесуі мүмкін екенін жоққа шығармаған. АҚШ президенті Вашингтонның Тегеранға қатысты бұдан арғы қадамдарын әлі анықтап жатқанын айтқан.

NBC News мәліметінше, АҚШ Пезешкианға, Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчиге және Иран делегациясының басқа мүшелеріне БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін виза беруді жоспарлаған.

Тегеранның өз талаптары бар

Жақында Иран Қатар арқылы АҚШ-қа соғысты тоқтату шарттарын жеткізген. Олардың қатарында барлық майдандағы әскери іс-қимылды тоқтату, Иранның бұғатталған активтерін босату және теңіз блокадасын алып тастау талаптары бар.