inDrive компаниясы өз қосымшасына тіркелген әр жүргізушіе күніне 50 шақырымнан артық жүруге тыйым салуды ұсынған Көлік министрлігінің ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
inDrive позициясы
Кейінірек inDrive компаниясы Қарабаевқа жауап берген.
– inDrive сервисі Қазақстан нарығында 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Содан бері біз реттеуші органдардың талаптарын қатаң сақтап келеміз. Бүгінгі таңда inDrive елдегі ең танымал онлайн саяхатшы қосымшасы. Мұндай сапарлардың ыңғайлылығы — жүргізушімен кез-келген қалаға ыңғайлы уақытта әрі келіскін бағамен баруға болады, - деген компанияның позициясын келтіреді Курсив.
inDrive "қалааралық саяхаттың максималды қашықтығын шектеу жөнінде шешім көп жолаушы мен жүргізушіге әсер етеді" деп мәлімдеді.
– Бұл мәселені нарыққа қатысты адамдардың бәрі Көлік министрлігімен бірлесіп пысықтауы қажет, — деп түйіндеді компания.
Қарабаевтың ұсынысы
Еске сала кетейік, бұған дейін Көлік министрі Марат Қарабаев интернет арқылы такси қызметін көрсететін азаматтардың жұмысына біршама өзгерістер енгізілетінін айтқан еді. Қарабаев басқа елдерде Индайвер секілді агрегаттардың халықтың ішінде такси қызметін көрсетуге құқығы жоқтығын айтады.
– Оларда шектеу 50 шақырым болады. Одан асыруға қақысы жоқ. Мүмкін сондай істейміз бе деген ұсыныс бар. Индрайвермен табыс тауып отырған жігіттер барын білеміз. Бірақ ондай болса, басқа талаптарды қоюымыз керек. Өйткені жол апаты ең көп болып жатқан мәселелер – асыққаннан, көлік жүргізушісінің дұрыс ұйықтамай, жүре беруінен. Сондай мәселелер бар, – дейді ол.
Марат Қарабаев десе де бұл нақты қабылданған шешім емес екенін, әзірге ұсыныстар екенін атап өтеді. Алайда сол күні Марат Қарабаевтың ұсынысына қатысты Парламент депутаты Асхат Аймағамбетов пікір білдіріп, оның сөзіне “қарабайыр қате түсінік” деп баға берді.