×
$
447.8
516.76
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.8
516.76
5.3

Қазақстандықтар үшін мобильді аударымдар лимиті артады

Бүгін, 14:42
Қазақстандықтар үшін мобильді аударымдар лимиті артады
Ulysmedia коллажы

Қазақстандықтар үшін мобильді аударымдар лимиті артады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не белгілі

Журналистер Жәленовтен «Ашық НҚА» порталында Ұлттық банк мобильді аударымдар бойынша лимиттерді өзгертуге қатысты құжат жобасын жариялағанын еске салып, осы өзгерістер туралы сұрады.

— Базалық лимиттер бар, олар біздің тәуекелдерді басқарудың жалпы жүйесі аясында белгіленеді. Қазір біз НҚА жобасын талқылауға шығардық. Оған сәйкес, аударымның ықтимал сомасын 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін арттыру көзделіп отыр, — деді ол.

Сонымен қатар Жәленовтің айтуынша, әр қазақстандық аударымдарға арналған жеке лимитті өзі белгілей алады. Бұдан бөлек, банктердің де өз лимиттерін белгілеуге құқығы бар.

Құжат банкаралық аударымдарды, сондай-ақ 2026 жылғы шілдеде енгізілген «Бірыңғай QR» жүйесі арқылы жасалатын төлемдерді де реттейтін болады.