×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

ХАМАС ұйымының тағы бір жетекшісі қаза тапты

01.08.2024, 23:10
ХАМАС ұйымының тағы бір жетекшісі қаза тапты
ВВС

Израиль ХАМАС-тың әскери басшыларының бірі Мұхаммед Дейфтің өткен айда израильдік әуе күштерінің Газа секторына жасаған соққысынан қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көптеген жыл бойы Израиль армиясының басты нысаналарының біріне айналған Мұхаммед Дейф кем дегенде жеті қастандық әрекетінен аман қалып, бірнеше рет ажал мен түрмеден қашып құтылды. Израиль билігі оны 1996 жылы ондаған израильдіктің өмірін қиған автобус жарылыстарын жоспарлап, басқарды және 1990 жылдардың ортасында үш израильдік солдатты тұтқынға алынып, өлтірілуіне қатысты деп айыптап келген. 

Дейф өткен жылдың 7 қазанында ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылын ұйымдастырушылардың бірі болған деп есептеліп келді. Содан кейін 1200-ге жуық израильдік пен шетелдік, негізінен бейбіт тұрғындар қаза тауып, Газада тағы 251 адам кепілге алынды. ХАМАС Израиль әскерінің Дейфті жою туралы мәлімдемесіне әзірге еш мәлімдеме жасаған жоқ.