×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Париж Олимпиядасы. Артаев та Алла қолдаса дейді

02.08.2024, 06:02
Ашық дереккөз

Афина Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев еліміздің Париж Олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан боксшылары туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алланың бұйыртқаны болады. Бәрі адамның еңбегіне байланысты. Алдын-ала тон пішіп, жігіттерді сөге алмаймын. Олардың еңбегі бар. 4 жыл аянбай тер төкті. Сондықтан да қазір хейт іздемей, тәуіптік жасамайық. Боксшыларымыз өкінішке қарай сәтсіздікке ұшырап, қысымшылық көріп отырғанда оларға тіреу болудың орнына аяғынан шалмау керек. Былғары қолғап шеберлері әлем чемпионатында топ жарғанда бәріміз марқайып қуандық. Ал ұтылып қалған кезде, жерден алып, жерге салғанымыз ұят болар. Ол тектілікке жатпайды. Бұл - әлсіздердің әрекеті. Қазір керісінше есе жіберген жігіттерімізге де қолдау жасап, жұбатып, жігерлендіріп, болашақта жақсы өнер көрсетуіне тілектес болуымыз қажет. Алла нәсіп етсе қалған жігіттерімізге алтын бұйырсын, - деді Бақтияр Артаев malim.kz сайтына берген жауабында.   

Париж Олимпиадасында қай боксшы алтын алады деген сауалға Артаев қалған спортшыларымыздың бәрінен үміт күтетінін жеткізді.

Барлығына құрметім зор, бәрінің де қолынан келеді. Ең бастысы Алла бағы мен сәтін салсын. Қыздардан да үміт күтемін. Алтын жүлде уысымызға түседі. Жақсы жаңалықтар болады әлі - деді Олимпиада чемпионы.