Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Нұрқанат қола медаль үшін өткен жекпе-жекте Филиппин өкілі Алвин Батиканды 10:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша ол ұлттық құрама қоржынына кезекті қола жүлдені салды.
Бұған дейін
Айта кетейік, бұған дейін Бэлла Самашева (55 келіге дейін) үшінші орын алған еді. Бэлла қола жүлде үшін өткен жекпе-жекте өзбекстандық Севинч Рахимованы жеңді.
Сондай-ақ Еркінғали Бүркіталин ММА-дан чемпион атанды.