×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Украина дрондардың стратегиялық соғысында басымдыққа ие – сарапшы

02.08.2024, 08:41
Украина дрондардың стратегиялық соғысында басымдыққа ие – сарапшы
Getty Images

Шілде айында украин күштері алғаш рет Ресей аумағында дрондармен көп соққы жасады. Бұл туралы Forbes-қа сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Әскери дрондар бойынша сарапшы Дэвид Гамблинг жазған жарияланымда Ресей шілде айында Украинаның нысандарына 426 камикадзе дрондарын жібергені, ал Украина 520 осындай дрондармен жауап бергені айтылған. Автор Shahed Tracker-дің Twitter-дегі аналитикалық аккаунтының osint (ашық көздер бойынша барлау) деректеріне сілтеме жасайды.

Гамблингтің пікірінше,"Ресей Федерациясы шабуылдаушы дрондарды тиімді түрде атып түсіре алмайды әрі украиналық соққылар мұнай өңдеу зауыттары мен басқа да қондырғыларға экономикалық тұрғыда зиян келтіреді".

– Украина алыс қашықтықтағы дрондардың стратегиялық соғысында басымдыққа ие болуы мүмкін — және президент Зеленский одан да жақсы соққы беретін дрондардың пайда болуына уәде беріп отыр, — дейді сарапшы.

Гамблингтің айтуынша, қазір Ресей айына шамамен 120 зымыран шығарады. Украинаға да айына сонша зымыран жібереді. Сонымен қатар, құны төмен "шахед" типті дрондары жіберіп, 1,5 мың тіпті, 3 мың шақырым жердегі нысандарға соққы жасап жатыр.