Ресей мен Батыс елдері саяси тұтқындарды алмасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, тұтқындарды алмасу шеңберінде Отанына оралған ресейліктердің ішінде Вадим Красиков (шешен командирі Зелімжан Хангошвилиді өлтірген), АҚШ-та компьютерлерді бұзып, алаяқтық жасап, 9 жылға сотталған Владислав Клюшин, Словенияда тыңшылық жасады деген айыппен 1 жыл 7 айға сотталған Артем мен Анна Дульцевтер, Польшада Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деп айыпталған Павел Рубцов, Михаил Микушин (Норвегияда Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деп айыпталған), Роман Селезнев (АҚШ-та кибер алаяқтық жасады деген айыппен 27 жылға сотталған), Вадим Конощенок (АҚШ-та Ресей әскери-теңіз күштері үшін технологиялар мен американдық оқ-дәрілерді контрабандалық жолмен алды деген айып тағылған) бар.
АҚШ президенті Джо Байден мен вице-президент Камала Харрис журналист Эван Гершкович пен Алсу Құрмашеваны, Пол Уиланды күтіп алған. Ресейге қайтарылған тұтқындарды Путиннің өзі әуежайда күтіп алған.
Өз кезегінде, орыс тілді БАҚ Ресей алмасу барысында Батыс мемлекеттеріне саясаткерлерден Владимир Қара-Мырза мен Илья Яшинді, құқық қорғаушы Олег Орловты, қоғам қайраткері Андрей Пивоваровты, суретші Саша Скочиленко, оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары Лилия Чанышева, Ксения Фадеева мен Вадим Останинді, ГФР азаматы Кевин Ликті, РФ және ГФР азаматтығы бар журналист Иван Сафроновты, саясаттанушы Дитер Воронинді, ГФР және РФ азаматы Герман Мойжесті (Hermann Moishes ), АҚШ азаматтары Пол Уилан, Эван Гершкович, Алсу Құрмашеваны, Германия азаматы Патрик Шебель (Patrick Schöbel) берген. Беларусь билігі атуға үкім шығарған Германия азаматы Ирико Кригерді тапсырған.