Қазақстан цифрлық даму министрлігі мен кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы (ЦАРКА) қазақстандықтардың деректері көбірек таралып кетіп жатқанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
ҚР СІМ ақпарат қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов қазақстандықтардың деректерінің таралуы жөнінде қылмыстық істердің нақты санын айта алмай, ІІМ-ге жүгінуге кеңес берді.
– Бірақ мен бұл істер өте көп екенін білемін әрі ол жылдан жылға артып келеді, – деді Ulysmedia.kz сұрағына жауап беріп.
Әбдіқалықов банктер "ақпараттық қауіпсіздік үшін көп шаруа атқарып жатыр" деп мәлімдейді.
– Әдетте, жеке деректер көбінесе ірі банктерден тарамайды, - деді ол.
ЦАРКА
– Қауымдастық тарапынан біраз уақыттан бері "цифрлық дәлелдер" жобасы ұсынылып келеді. Мұндай проблема бар, барлық азаматтар кибер алаяқтыққа ұшырағанын жаза бермейді. Біз процедураларды сәл жеңілдеткіміз келеді. Электрондық үкіметте "киберқауіпсіздік" бөлімі пайда болуы керек, сонда алданған адам қандай да бір ақпаратты тез жеткізе алады. Көбінесе алаяқтар өздері ұрлаған картадан ақша алады. Бұл карта бірнеше ай бойы жүреді, оны бір күнде жабу үшін жылдам механизм қажет, - деді ЦАРКА басшысы Олжас Сәтиев.
Тарихы
Ақпан айында Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен ынтымақтасатын iSoon құпия құжаттаманың таралуына жол бергені белгілі болды.
Құжаттарда қазақстандық байланыс операторларының деректерінің, сондай-ақ "Қазақтелеком" және БЖЗҚ ақпараттары тарағаны жазылады.
Наурызда zaimer.kz микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың дербес деректерінің тарағаны белгілі болды.
ҰҚК қазақстандықтардың деректерінің таралуына байланысты 10 қылмыстық істі тергеп жатыр.