Кен-Булун өткізу бекетінде 50-ден астам жүк көлігі жиналып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Шекарада кептеліс пайда болып, бірнеше шақырымға созылғаны белгілі болды.
Кезегін күтіп 50-ден астам жүк көлігі тұр.
Шекарада жүк көліктерінің жиналуы жүк тасымалдау көлемінің маусымдық ұлғаюымен байланысты екені атап өтілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы кептелістің пайда болу себебін түсіндірді.