×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Бір облыстан мемлекетке 32 су нысаны қалай қайтарылды?

05.08.2024, 12:36
gov.kz

Жыл басынан бері 32 гидротехникалық құрылыс коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қайтарылды. Бұл су нысандарының бәрі Жамбыл облысында орналасқан, деп хабарлады Ulysmedia.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

ЖАЛҒЫЗ БӨГЕТ ТЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕНШІГІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

Ведомствоның хабарына қарағанда, мемлекетке бір өңірден 31 суару каналы мен 1 бөгет қайтырылған.

Қазіргі кезде еліміздің басқа өңірлеріндегі су шаруашылығы нысандарын республикалық меншікке қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ЖОСПАР ӘЗІРЛЕНДІ

Министрлік еліміздің су инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмысты бастады. Мысалы, президенттің тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейін су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау бойынша кешенді жоспар әзірленді.

Жоспарда 44 су қоймасын салу, 76 гидротехникалық құрылысты, 5321 шақырымнан астам ирригациялық жүйені қайта жаңарту, сондай-ақ 3230 тік дренажды ұңғыма бұрғылау көзделген. Бүгінгі таңда 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Бұған дейін хабарланғандай, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысындағы екі күндік жұмыс сапары кезінде Солтүстік Аралдың су көлемі 27,1 млрд текше метрге жеткенін айтқан болатын.