Тимур Бекмамбетовқа берілген грант сомасы 700 млн теңгеден 400 млн теңгеге дейін қысқарды деп, хабарлайды ulysmedia.kz
КІМДЕР, НЕГЕ ҚАРСЫ ШЫҚТЫ
“Шілде айының соңында Қазақстан кинематографистері Мәдениет министрі Аида Балаеваға Израиль азаматы, режиссер Бекмамбетовке "Сапфир операциясы" фильміне грант ретінде ұтып алған 700 млн теңгені бермеу туралы өтінішпен жүгінді. Олардың пікірінше, салық төлеушілердің ақшасы басқа елдерден келетін “легионерлерге” кетпеуі керек, – делінген Курсивте.
Шетелдік Bazelevs Entertainment Limited компаниясы фильмді қазақстандық Cinegram компаниясымен бірлесіп түсірмекші болған.
ҚАНША ЖОБА СҮЗГІДЕН ӨТТІ
Министрлік 2024 жылы сәуір айында Ұлттық киноны қолдау орталығы киножобаларды іріктеу бойынша конкурс жариялағанын айтты. Сараптамалық кеңестің шешімі бойынша 375 өтініштен екінші турға 101 жоба өткен. Бірақ питчингке – 87 режиссер шақырылды, қалғандары құжаттардың толық пакетін ұсынбаған.
Питчингке шақырылғандардың қатарында "Сапфир операциясы" фильмін ұсынған "Cinegram" ЖШС болды. Жоба Тимур Бекмамбетовпен байланысты шетелдік "Bazelevs Entertainment Limited" киностудиясымен бірлесіп түсірілетін болып шықты. "Кинематография туралы" заң фильмдерді бірлесіп шығаруға тыйым салмайды.
Оқи отырыңыз: Сәтсіз питчиң немесе министр Аида Балаеваға ор қазып жүрген кімдер
ФИЛЬМДЕРДІҢ БЮДЖЕТІ
Сараптамалық кеңес 29 киножобаға оң қорытынды шығарды. Олардың ішінде комиссия 18 жобаны қаржыландыруға кеңес берді. "Сапфир операциясы" соның бірі.
"Сараптамалық кеңестің іріктеуінен өткен барлық киножоба қаражаты 5,7 млрд теңгені құрады. 400 млн теңге 7% -дан аспайды. Кинокартиналардың жалпы бюджеті 9,5 млрд теңгені құрайды, республикалық бюджет үлесі 4% құрайды, - деп түсіндірді ведомствода.
Министрлік конкурста жеңіске жеткен жобаларды қаржыландыруға қаражат бөлу туралы бұйрық әзірлеп жатыр.
БЕКМАМБЕТОВ КІМ?
Тимур Бекмамбетов 1961 жылы Гурьевте (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Ресейлік кинорежиссер. 1994 жылы Bazelevs киностудиясын құрды. 2022 жылы Бекмамбетов Bazelevs-ті оның бас продюсері Лала Рустамова мен коммерциялық директоры Тимур Асадовқа сатты. Оның иелігінде Лос-Анджелесте орналасқан Bazelevs Productions қалды.