×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Тұтқын алмасуды хабарлаған америкалық журналист жұмыстан қуылды

06.08.2024, 12:47
Manuel Balce Ceneta/AP

Bloomberg агенттігі Батыс елдері мен Ресейдің тұтқын алмасуын алды ала хабарлаған қызметкерін жұмыстан шығарып жіберді, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

ТІС ЖАРМАУ ПРИНЦИПІН ҰСТАНБАДЫ

Агенттіктің басшылығы Дженнифер Джейкобс есімді бұрынғы тілшісін Батыс мемлекеттері мен Ресейдің тұтқын алмасу кезінде тіс жармау туралы ұстанымын аяқасты етіп, Ресейдің түрмесінен The Wall Street Journal басылымының журналисі Эван Гершкович пен теңіз жаяу әскері Пол Уиланның бостатылып жатқанын хабарлады деп айыптады.

БАҚ-тың хабарлауынша, Дженнифер Джейкобс Ресей түрмесінен бостатылған адамдар Түркияға бара жатқан ұшақта отырғанда хабар таратқан.

ТҰТҚЫН АЛМАСУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕ ЖАЗДАДЫ

Егер ресейліктер осы ақпараттың жер-жүзіне таралып кеткенін білгенде олар тұтқын алмасуды кейінге шегеруі мүмкін еді. Сондықтан тілшінің агеттіктікке жарияланған материалы тұтқын алмасуға кедергі келтіре жаздады, - деп хабарлады БАҚ.

Еске сала кетсек, 1 тамызда Ресей мен Батыс елдері саяси тұтқындармен алмасты. Олардың арасында Ресейдің түрмелерінен саясаткерлер, құқық қорғаушылар, оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары, саясаттанушылар, журналистер босатылса, Батыс елдерінен Ресейге адам өлтіргендер, тыңшылық жасағандар мен контрабандамен айналысқан адамдар қайтарылды.