Air Astana әуекомпаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екендігі туралы хабарлайды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Әуе компаниясының ескертуі
Air Astana рейстердің кешігу себебі Астанада 8 тамызда болған дауыл мен бұршақтың салдарынан болуы мүмкін дейді. Қазіргі уақытта әуе компания бұршақтың салдарынан төрт ұшақтың зақымдалғанын анықтады. Компания инженерлері қажетті тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстары бірнеше күннен кейін аяқталады.
– Жолаушыларымыздан әуежайға жол тартпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтында тексерулерін сұраймыз, – делінген хабарламада.
Астанадағы бұршақ
Елордада кеше кешке жаңбыр аралас бұршақ жауып, астаналықтарды әбігерге түсірген. Тіпті екі адам медициналық көмекке жүгінген. Әлеуметтік желіде астаналықтар бұршақтың көлік пен үй терезелерін зақымдағанын көрсетті.