×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Мемлекетке 400 млн-нан астам залал келтірген кәсіпкерге іздеу жарияланды

09.08.2024, 14:00
Мемлекетке 400 млн-нан астам залал келтірген кәсіпкерге іздеу жарияланды
Тимур Батыршин

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Михаил Бойко есімді азаматқа іздеу жариялады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Ол 1963 жылы 25 маусымда туған.  

Михаил Бойко балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығын төлемей, мемлекетке 400 миллионнан астам теңге залал келтірген, - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

КҮДІКТІГЕ ЕКІ БАП БОЙЫНША АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

әсіпкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабы 3-бөлігі (салық төлеуден жалтару) және 218-бабы 3-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру) бойынша қылмыс жасады деп күдікке ілінген.

Бұған дейін Алматы облысы Ұйғыр ауданында кооператив төрағасының 50 млн теңге субсидияны жымқырғаны хабарланған еді. Ол Сот үкімімен мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.