×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Шымкентте «Автонұр» базары өртеніп жатыр

09.08.2024, 16:10
gov.kz

Шымкент қаласындағы «Автонұр» базары отқа оранды. Дәл қазіргі уақытта өрт сөндірушілер Тұран ауданындағы базарда тұтанған  өртті сөндіруге күш салып жатыр, деп хабарлады  Ulysmedia.kz

БІРНЕШЕ БУТИК ОТҚА ОРАНДЫ

Қазір тілсіз жаудың неден шыққаны анықталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше бутик өртеніп кеткен.

Сатушылар тауарларын сақтап қалуға асығуда. Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға барын салуда.

Жақында хабарланғандай, Балқаш қаласындағы «Қоңырат» шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 30 адам баспанасыз қалған болатын.