×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жапония банкі елімізге 200 млн доллар инвестиция тартады

09.08.2024, 18:20
Жапония банкі елімізге 200 млн доллар инвестиция тартады
primeminister.kz

Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммитінің аясында өткен бизнес-форумында Жапондық қаржы ұйымының төрағасы Хаящи Нобумицу кездесті, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

Форумда белгілі болғандай, Жапония банкі Қазақстанның даму банкімен бірігіп, энергетика, көлік саласы, машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды 200 млн доллар сомасына қаржыландыру бойынша келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

КҮНШЫҒЫС ЕЛІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ ІРІ 10 ИНВЕСТОРЫНЫҢ БІРІ

Жалпы Жапония Қазақстан үшін ең ірі 10 инвестордың қатарына кіреді. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 10,5 пайызға өсіп, 2,1 млрд долларға жеткен.

Кездесуде тараптар барлық перспективалы бағыттар бойынша ынтымақты нығайтуға ниет білдірді.

БИЗНЕС-ФОРУМҒА ЖАПОНИЯНЫҢ АТАҚТЫ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ

Форум алаңында Орталық Азия аймағы елдері мен Жапония делегацияларының 450-ден астам өкілі жиналды. Жапонияның іскер топтарынан Toyota Tsusho Corporation, Mitsubishi Heavy Industries EMEA, Ltd., Mitsui & Co., Ltd ірі компанияларының басшылары мен менеджерлері, сарапшылар қауымдастығынан салалық жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатысты.

Экономикалық байланыстарды нығайту және цифрландыру, көлік-логистика саласы, АӨК, ауыр өнеркәсіп секторы және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды.

Бизнес-форумда «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев, Marubeni Corporation Директорлар кеңесінің төрағасы Фумия Кокубу және басқа да қатысушылар сөз сөйледі. «Орталық Азия + Жапония» диалогы аясындағы бизнес-форумның нәтижесінде көпжоспарлы әріптестікті жаңа деңгейге шығаруға арналған бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі құжаттарға қол қойылады.

Қазақстан президенті Жапония премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты.

Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді.