×
$
454.31
528.04
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
454.31
528.04
5.25

Елімізде жұмыс жоқ деген сөз болмауы керек – Бектенов

Бүгін, 12:00
Елімізде жұмыс жоқ деген сөз болмауы керек – Бектенов
Үкіметтің баспасөз қызметі

Жұмысшы кадрлардың тапшылығына байланысты Қазақстан шетелден шамамен 300 мың маман тартуға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бос жұмыс орындары көп, бірақ маман жетіспейді

Үкімет отырысында Қазақстанда жұмысшы мамандықтар бойынша кадр даярлау мәселесі талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, жұмысшы мамандықтар бойынша бірқатар бос орын тұрақты түрде толтырылмай қалады. Бұл ретте Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4% шамасында сақталып отыр.

Оның баяндамасынан кейін премьер-министр Олжас Бектенов елде жыл сайын қанша бос жұмыс орны пайда болатынын сұрады.

– Жыл басынан бері электрондық еңбек биржасының порталында жұмыс берушілер 850 мың бос жұмыс орны туралы хабарландыру жариялады. Оның 420 мыңы – жұмысшы мамандықтарға қатысты. Азаматтарымыздың 60-70%-ы осы портал арқылы жұмысқа орналасады. Алайда бос орындардың 30-40%-ы толтырылмай қалады. Сондықтан жұмыс берушілер шетелдік мамандарды тартуға мәжбүр. Бір жыл ішінде Қазақстанға жұмыс істеу үшін шамамен 300 мың шетелдік маман келеді, – деді Асқарбек Ертаев.

Министрдің айтуынша, өңірлерде мансап орталықтарының жұмысын өзгертуге бағытталған шаралар қолға алынған. Енді олар жұмыс іздеген азаматтарды тек жұмысқа орналастырып қана қоймай, қажет болған жағдайда сұранысқа ие басқа мамандыққа қайта даярлауға көмектесуі тиіс.

«Мұны халыққа дұрыс түсіндіру керек»

– 800 мың-1 миллионға жуық вакансия бар, яғни жұмыс істеймін деп жүрген адамға әрдайым табылады, солай ғой? – деп нақтылады Бектенов.

Еңбек министрі премьер-министрдің бұл тұжырымын растады.

Бектенов тағы да нақтылады:

– Мыңдаған адамды, маманды жұмыс тоқтап қалмасын деп, шетелден алып келуге мәжүрбіз! Солай ма?

– Солай, – деп жауап берді Ертаев.

– Оны халыққа дұрыстап түсіндіру қажет. Елімізде жұмыс жоқ деген сөз болмауы керек, – деді Олжас Бектенов.