×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қостанай облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

09.08.2024, 18:36
Қостанай облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
polisia.kz

Қостанай облысы ПД ҰҚҚІҚБ қызметкерлері Рудный қаласында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлады  Ulysmedia.kz.Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Операция кезінде қылмыстық топтың Рудный қаласының екі тұрғынына күш қолданып, моральдық қысым көрсетіп, автокөліктер, мотоцикл, қарда жүретін көлік, iPhone 15 маркалы 5 телефон мен қомақты ақшаны бопсалағаны анықталды.

12 МЛН ТЕҢГЕГЕ ШЫҒЫН КЕЛГЕН

Осылайша олар жалпы сомасы 12 млн теңгеге материалдық шығын келтірді. 

Тінту кезінде олардан пышақтар, сигналдық тапанша, оқу гранатасы, автокөлік, ақша қаражаты және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

КҮДІКТІЛЕР ҚАМАЛДЫ

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жақында кісі өлтірген діни радикалдар да ұсталған болатын. Шілде-тамыз айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында, Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында діни радикалдардан құралған қылмыстық топты қолға түсірді.