×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мигистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытындысы шықты

10.08.2024, 16:40
Мигистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытындысы шықты
Ашық дереккөзден

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігінен хабарланды.

“Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 39 мыңнан астам адам тапсырды. Олардың 43%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 75 балл. Ең жоғары балл – 132. Тестілеу қорытындысы бойынша 149 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 101 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды”, деді ведомство баспасөз қызметі.

Яғни кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 41 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылған. Сонымен қатар кешенді тестілеуге кіргізудің үш деңгейлі жүйесінің арқасында 3 бөгде тұлға анықталған.

“Сондай-ақ тестілеу бейнежазбаларын қайта тексеру нәтижесінде 4 адамның балы жойылды. Атап өтсек, ереже бұзушылық өткен жылмен салыстырғанда (2023 жылы – 281) шамамен екі есеге азайды”, делінген министрліктің хабарламасында.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет. Жалпы магистратурада оқуға 13 мың грант бөлінді.