Украина Қарулы Күштерінің Ресейге шабуылынан кейін Белгород облысының халқы жаппай қауіпсіз жерге көшіріпіл жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Ресейдің Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Telegram-дағы видеомәлімдемедесінде айтты.
«БІЗДЕ ТАҢ АТЫСЫМЕН МАЗА ЖОҚ»
Украинамен шекараға жақын Краснояружск ауданында халықты эвакуациялау басталғанын хабарлаймын. Бізде бүгін таңертеңнен бері маза жоқ. Краснояружск ауданының шекарасында жау сағат сайын ракетамен және басқа да қарумен атқылап жатыр. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудан тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіре бастаймыз, - деді ол.
Әзірше Гладков қанша адамның басқа аймаққа көшірілетінін және олар қайда орналастырылатынын айтқан жоқ.
Краснояружск ауданы Курск облысының Суджа қаласынан шамамен 45 шақырым жерде орналасқан. Ал 6 тамызда Суджаға Украинаның әскері кірген. Қазір Курск облысында да қиян-кескі шайқас болып жатыр.
УКРАИНА ӘСКЕРІ ТОП-ТОППЕН КІРІП ЖАТЫР
Курск, Белгород облысының тұрғындары Украина жақтан топ-топпен қаруланған әскердің кіріп жатқанын айтуда.
Бұған дейін Украина Қарулы Күштерінің бір бөлігі бір аптадан бері Ресейдің Курск облысына шабуылын бастағаннан кейін енді көршілес Белгород облысын нысанаға алғанын хабарлаған болатынбыз.