×
$
455
€
498.77
₽
5.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455
€
498.77
₽
5.56

Зеленский АҚШ-ты Patriot жүйесіне арналған зымырандарды жеткізуге рұқсат беруге шақырды

Бүгін, 15:40
Зеленский АҚШ-ты Patriot жүйесіне арналған зымырандарды жеткізуге рұқсат беруге шақырды
Getty İmages

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тан одақтас елдер ақысын төлеп қойған Patriot әуе қорғанысы жүйесіне арналған зымырандарды жеткізуге рұқсат беруді сұрады. Оның айтуынша, Ресей Украинаға жаппай шабуыл жасап жатқан кезде қару-жарақ жеткізудің кешігуі ел қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зеленский Украинаның баллистикалық зымырандарды атып түсіруге арналған зымырандарға аса мұқтаж екенін мәлімдеді.

Олардың бір бөлігінің ақысын одақтас мемлекеттер PURL бағдарламасы аясында төлеп қойған. Алайда бұл қару-жарақты Украинаға жеткізу үшін АҚШ-тың рұқсаты қажет.

«АҚШ-тың PURL бағдарламасы аясында серіктес елдер ақысын төлеп қойған Patriot зымырандарын жеткізуге рұқсат беруі өте маңызды», – деп жазды Украина президенті Telegram арнасында.

Сондай-ақ, ол басқа мемлекеттерді де бағдарламаны қаржыландыруды тоқтатпауға шақырды. Зеленскийдің айтуынша, PURL – Украинаны зымыранға қарсы қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ететін негізгі бағдарламалардың бірі.

Бір аптада мыңдаған дрон мен жүздеген зымыран қолданылған

Зеленскийдің мәліметінше, кейінгі бір аптада Ресей әскері Украинаның 20 өңіріне шабуыл жасаған.

Оның айтуынша, осы уақыт ішінде Ресей шамамен 2700 ұшқышсыз ұшу аппаратын, 1460-қа жуық басқарылатын әуе бомбасын және әртүрлі үлгідегі 165 зымыран қолданған.

Зымырандардың едәуір бөлігі баллистикалық болған. Олардың арасында Солтүстік Кореяда жасалған зымырандар да бар.

«Осындай жағдайда Украинаға баллистикалық зымырандардан қорғануға арналған қару-жарақтың неге кешіктіріліп жеткізіліп жатқанын түсіну қиын», – деді Зеленский.

Сізге қызық болуы мүмкін