×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Мемлекет басшысы қорғаныс министріне тапсырма берді

12.08.2024, 16:03
Мемлекет басшысы қорғаныс министріне тапсырма берді
Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына қорғаныс ведомствосының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндалды.

ЖАУЫНГЕРЛК ДАЙЫНДЫҚТЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ БОЛАДЫ

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов халықаралық оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері, жауынгерлік дайындыққа жаңа әдістер енгізу жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ қарулы күштердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне қатысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында айтты.

Сонымен бірге ол заманауи қару-жарақпен және әскери техникалармен қамтамасыз ету, қорғаныс инфрақұрылымын дамыту, әскери-патриоттық жұмыстарды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды; әскери қызметшілер мен зейнеткерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдауды арттыру шаралары туралы айтып берді.

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТУ КЕРЕК

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы қорғаныс министріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Соңғы мәліметке қарағанда, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің оқу-материалдық базасын жақсартты. Қолда бар мәліметке қарағанда, жыл соңына дейін жаңа тренажерлерді жеткізу және жерүсті оқу-жаттығу жабдықтарын жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 1,5 мыңнан астам әскери техникаға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.