Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметтің бүгінгі отырысында отандық өндірушілердің бірыңғай реестрін жинақтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Шарлапаевтың айтуынша, реестрде отандық тауар өндірушілер туралы ақпарат, оның ішінде шығарылатын өнім және оның көлемі, көрсетілетін қызмет түрлері және қызметкерлер саны туралы толық мәлімет қамтылады.
– Реестрге енгізілген субъектілер мемлекеттік қолдау шараларына, сонымен қатар, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың сатып алу ларына қатыса алады, – дейді Шарлапаев.
Реестрге енгізілген өндірушілерге локализациялауды арттыру шарты қойылады. Осы жылдың соңына дейін реестрді іске қосу бойынша жұмыстарды толық аяқтау көзделген.