×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Магистратура грантының нәтижесі қашан шығады?

Бүгін, 11:59
Магистратура грантының нәтижесі қашан шығады?
pixabay

2026–2027 оқу жылына магистратураға бөлінген мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 24 тамызда сағат 15:00-де жарияланады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Республикалық комиссия отырысын өткізіп, грантқа үміткерлердің өтініштерін қарап шықты. Мемлекеттік гранттар конкурс негізінде бөлінді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

Биыл магистратура грантына 23 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл былтырғыдан 3 мыңға көп.

Үміткерлер арасында педагогикалық мамандықтар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ, инженерлік, өндірістік және құрылыс бағыттары жоғары сұранысқа ие болған.

Нәтиже қайда жарияланады?

Конкурс қорытындысы 24 тамызда сағат 15:00-де Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми парақшаларында, сондай-ақ, министрдің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

Нәтиже шыққаннан кейін грант иегерлері жоғары оқу орнына құжаттарын өткізіп үлгеруі керек. Магистратураға қабылдау 28 тамызға дейін жалғасады.

Бұған дейін министрлік магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден 58 мыңға жуық адам өткенін хабарлаған еді.

2026–2027 оқу жылына магистратураға 11 мыңға жуық мемлекеттік грант бөлінген.