Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ален Берсе мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
novayaepoxa.com-ның мәліметінше, Денсаулық сақтау министрі елге жаңа шектеулер енгізу керектігін айтқан.
Швейцарияда бір ай ішінде коронавируспен ауырғандар саны төрт есе өскен. Бір тәулік ішінде 6 017 адам ауру жұқтырған. Өткен аптада ауруханаға жатқандар саны 80% артып, осы дерттен көз жұмғандар саны бір аптада 53-ке жеткен.
Ален Берсенің айтуынша, халықтың 65%-ына вакцина егілген.