×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Клубтан алып кеткен бе – армиядағы «Майкл Джексон» желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

14.08.2024, 14:19
Клубтан алып кеткен бе – армиядағы «Майкл Джексон» желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)
скриншот

Әлеуметтік желіде армияда жүрген жас жігіттің америкалық әнші Майкл Джексоннан аумай билеген видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

– Сізге мына би қалай? Бұл – Нұрбек Ботатаев – делінген видео жазбасында.

Жас жігіт өз қатарластарын тамсандырып, Майкл Джексонның биін керемет орындайды. Оның бұл өнерін көрген қатарластары мәз-мейрам.

Видеоға пікір қалдырғандар да өнерлі жігітті мақтайды. “Клубтан алып кеткен бе?!” деп әзілдеп жатқандар да бар.

Пікірлерге қарағанда Нұрбек Ботатаев мерзімді әскери қызметкер емес. Әскери даярлығын шыңдау үшін барған. Жеке парақшасында оның педагог, режиссер, хореограф әрі балет әртісі, актер екені жазылған. Видео Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімшелердің бірінен тараса керек.